АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

0
656

Ақпарат және қоғамдық даму министрі АидаБалаева ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Күллі мұсылман үшін қасиетті саналатын Рамазан айында Өзіңіз басқарып отырған Діни басқарманың имамдары пандемия жағдайында халыққа сауатты ағартушылық жұмыстарын жүргізу арқылы, мүфтият ұстанымын ұғындырып, халықты қауіпті індеттен сақтандыру жұмысына айрықша үлес қосты.

Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қай кезде де мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауда алғы шептен көрініп, талай сауапты істерге ұйытқы болуды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Руханият жолындағы жасаған әрбір игі істеріңізді мол сауаптан жазсын» деді министр.

Сондай-ақ Аида Ғалымқызы Діни басқарманың барша қызметкерлеріне зор алғыс білдіріп, дін жолындағы рухани қызметіне толайым табыс тіледі.