РЕСЕЙДІҢ ДІНИ ЖЕТЕКШІСІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

0
512

Ресейдің Орталық мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Талғат Сафа Таджуддин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

Талғат Сафа Таджуддин Бас мүфти мен Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтай келе: «Алла Тағала Құранда: «Әй иман келтіргендер! Бір-біріңе жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Бірақ күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» («Мәида» сүресі, 2-аят» деген болатын. Алла бізге осылай бұйырды.

Ендеше, отыз күн оразамызды тәмамдаған уақытта Мейірімді Алла Тағаладан сіз бен біздің дұға-тілектерімізді қабыл алып, рақым нұрын төгуін тілеймін. Жаратушы Иеміз біздің дін үшін жасап жатқан қызметімізді сауаптан жазып, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, екі елдің руханиятын еселеп, көркейте бергей!» делінген құттықтау хатта.