«Халыққа қызмет – маңызды міндет» жобасы іске қосылды

0
548

ҚР АҚДМ дін істері комитеті Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін тікелей эфирлер өткізеді

Instagram алаңында «Халыққа қызмет – маңызды міндет» интерактивті жобасы іске қосылды.

Жобаның шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, сондай-ақ халықтан кері байланыс алу мақсатында ҚР АҚДМ Дін істері Комитеті қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлері және басқа да жарияланымдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланған.

Жаңа жоба аясында бірінші болып Комитеттің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Беимбет Манетов тікелей эфирге шықты. Ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
«Халыққа қызмет – маңызды міндет» жобасы @qogam.kdr инстаграм парақшасында өтіп тұрады.