Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тақырыбындағы кезекті отырыс

0
553

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тақырыбында «Азаматтық алаң» дискуссиялық алаңының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Іс-шара барысында «Ашаршылық, репрессия, жаппай көшу – ХХ ғасырдың зобалаң кезеңі», «Қазіргі қазақ журналистикасында Алаш ізбасарларын насихаттау» тақырыптары талқыланды.

Болат Тлепов өз сөзінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдерінің бірі, – деп атап өтті.

Талқылауға ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов, Тарих ғылымдарының докторы, профессор – Шәмек Тілеубаев, «Айқын» газетінің жауапты хатшысы Амангелді Құрмет және т.б. тұлғалар белсенді ат салысты.

Талқылау қорытындысы бойынша саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтауға қатысты тарихшы ғылымдардың қатысуымен нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылатын болады.