БАС МҮФТИ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ АЛАҢЫН АШТЫ

0
443

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі Орталық мешіт жанынан спорт алаңқайы ашылды.

Жаңа кешеннің ашылу шарасына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, балалардың қуанышына ортақтасты. Шымкент қаласының Абай ауданында ашылған спорт кешенінде балалар бірнеше спорт түрімен қатар айналыса алады. Игі шара барысында Бас мүфти балаларға сый-сияпат табыстап, ақ батасын берді.

Шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қала халқын және жастарын бұқаралық спортқа баулу мақсатында спорт алаңқайларын орнату жұмысы қолға алынған болатын.

Аталған тапсырма аясында Абай ауданы әкімі аппаратының қолдауы және «Шымкент – қайырымды қала» қорының демеушілігімен Абай ауданы аумағындағы бос жатқан 4 жер теліміне көпфункциялы ашық спорт алаңқайы орнатылуда. Ең бастысы жастардың жаттығу жасап шынығуына арналған Workout орнатылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Шара барысында Бас мүфти игі іске ұйытқы болған азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.