Лаңкес 40 рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды

0
651

Ыстамбұлдағы бір ойын-сауық орталығында 2017-ші Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде террорлық әрекет жасап, 39 адамды жер жастандырған Машариповтың ісіне қатысты сот үкімі жарияланды. Ол 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына және қосымша 368 жылға сотталды, деп хабарлады TRT. 

27-ші Қылмыстық сот қараған қылмыстық іс күдіктілердің соңғы түсініктемелері алынған соң үкім жариялады.

Сот алқасы шабуыл жасаған Абдулкадир Машариповты «Атазаңды бұзу» және араларында полиция қызметкері Бурак Йылдыз да бар 39 кісіні «қасақана өлтіру» айыбымен 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ оған 79 кісіге қарсы «қастандық әрекетін» жасады және «құжатсыз қару алып жүру» айыптары тағылып, тағы да 368 жылды қосып берді.