Бас мүфти Ұмра қажылығына жолдама берді

0
65

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсімінде ғимаратының құрылысын жүргізген Ерболат Долдабаевқа айрықша алғыс айтып, ұмра қажылығына жолдама берді. 

Ерболат Долдабаев – Тарбағатай аудандық «Байжігіт баба» мешітіне тұрақты келуші жамағаттың бірі. Ол мешіт жанынан ашылған қайырымдылық мекемесінің құрылысын жүргізіп, толық бітірген.  

«Әр азамат игі іске қолдан келгенше үлес қосады. Құрылыс саласынан хабары бар Ерболат бауырымыз қайырымдылық мекемесін салуға ерекше үлес қосты. Алла разы болсын! Бұл еліміздің өсіп-өркендеуіне қосылған үлес деп есептеймін. Өйткені осы мекемеден діни һәм зайырлы білім алып шыққан иманды, отаншыл жастарымыз ертең-ақ елге, дінге қызмет ететін болады. Алла сол күнге жеткізгей! Әмин!», — деді Бас Мүфти.  

Қайырымдылық мекемесінде бір мезетте 30 оқушы діни және зайырлы білім алып, қасиетті Құран Кәрімді жаттай алады.