Түркістан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық турнир өтті

0
624

Түркістан облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті.

Ойынға облыс орталығы мен аудандардан жиналған барлығы 16 команда қатысты. Ашылу салтанатында әнұран шырқалып, ту көтерілді. Ойынды аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары бастан-аяқ тамашалады.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Төлеби ауданының командасы жеңіп алса, ІІ орын Түркістан қаласына бұйырды. Ал ІІІ орынды Созақ ауданының командасы қанағат тұтты. Ойынға тек дін қызметкерлері қатыстырылды. Демеушілерге Құран Кәрім мен облыс имамының алғыс хаты табысталды.