Шымкенттік имамдар қан тапсырды

0
534

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Бәріміз – біріміз үшін» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.

Қала күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, наиб имам Мұхаммеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.

«Шариғат қағидасы бойынша кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең екені айтылған. Сондықтан, мен де осы шараға мұқтаж бір жанға пайдам тие ме деген ниетпен қатысып, отырмын. Әрі бұл шара пайғамбарымыздың сүннеті болып саналады»,- деді қала бас имамы Б.Нұрматұлы.

Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты. Сондай-ақ, жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары арнайы хабар таратты.