Өскемен: Мешітте «Ashyq» қосымшасы іске қосылды

0
465

Карантин талаптарына сай Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне «Ashyq» қосымшасы орнатылды.

Енді облыс орталығы Өскемен қаласындағы «Ashyq» қосымшасы бар мекемелердің қатарына облыстық мешіт қамтылып отыр.

Бұған дейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚазАқпарат порталына берген сұхбатында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттердің де біртіндеп Ashyq жүйесіне қосылатынын тілге тиек еткен болатын.

Ал бұл салаға жауапты мекемелер «Халифа Алтай» мешіті карантин талаптарын қатаң сақтап, барлық ережелерге бағынып, заң аясында қызмет атқарып отырғандықтан «Ashyq» қосымшасына қосылғанын жеткізді.

«Мешітке келуші жамағат көп. Біз үшін халықтың денсауығы аса маңызды. Сол себепті «Ashyq» қосымшасына қосылған жайымыз бар. Карантин талаптарын сақтау, оны халыққа түсіндіру – басты мақсатымыз. Мешіт қауіпсіз орта болуы тиіс» деді «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. 

Сондай-ақ іс басқарушы алдағы уақытта қалалық және аудандық мешітердің де бұл жүйемен қамтылатындығын айтты.