Төсбелгімен марапатталды

0
1682

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында осы мекеме басшысының орынбасары Аружан Әбдәзімқызы Атымтаеваға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттау рәсімі болып өтті.

Аталған шараға қатысқан Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Әлішерұлы Тұяқбаев марапат иесіне төсбелгені салтанатты жағдайда табыс етті. Басқарма басшысы құрылғанына бір жылдан енді ғана асқан мекеме қызметкірлерінің қала аумағында тұрақты діни ахуалды қамтамасыз ету, діни экстремизм мен кереғар діни ағымдардың қоғамға зияндылығы мен қауіптілігі тұрғысында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келе жатқандығына ризашылықпен тоқтап өтіп, алдағы уақытта да халықпен тығыз ынтымақтастық нығайып, жақсы істердің жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Басқосуда «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Балталы Шажалыұлы Амангелдиев марапат иесіне құттықтау сөзін арнап, жұмысына жаңа табыстар тіледі.