Қасиетті «Неке» ұғымын ойыншыққа айналдырғандар

0
43

Қазіргі таңда псевдо сәлафилік топтары бүкіл әлем мүсылмадарынан оқшауланып, оның ішінде өзінің туған бауырларынан және дін бауырларынан бөлек өмір сүретін топтарға айналды. Сондай-ақ олардың арасында өздерінің ұстанымына қарсы келген дін өкілдері мен мәзһаб ғалымдарын діннен шығарып, кәпірлікпен аыптайтын топтары бар болса, енді бір топтары оздерінің адасқан тұстарын білдірмеу мақсатында мәзһаб ғалымдарынын көлеңкесінде күн кешуде. Сонымен қатар салтдәстүрді Аллаға серік қосу деп таныса, санының аз болып колында күш қуаттың болмағандығынан амалсыз мемлекеттін заңына бағынуда.
Бұрмаланған мұндай діни көзқарастар елімізге алауыздықтан басқа ештеңе алып келмейтінін көзбен көріп отырған жайымыз бар. Шариғатта төрт әйел алуға рұқсат етілгенін баршамыз білеміз, бірақ әкенің алақанына салып аялап отырған кызын адал некесіне алып қызығы біткеннен кейін екіші бір бауырына бере салатын іс-әрекеттерінен хабарымыз бар ма?  Қоғамымызда  заңсыз үйлену, ажырасу әйелдер мен бала-шағаның қамқорсыздығының нәтижесінде халқымыздың арасында баспанасыздардың санын азайтамын деп жүрген ағаларымыздың жүгінің үстіне жүк болуда. Себебі өздерін псевдо сәлафизм идеологиясының ықпалына түскен адамдарда отбасын асырау, бала-шағасының қамқорлығын үзбеу жауапкершілігі жоққа тән. Псевдо сәлафилік топтардың ішінде АХАЖ бөлімшесінде заңды некеге тіркелмей, ата-анасының рұқсатынсыз некесін қидырудың салдарынан аз уақыт ішінде 4-5, тіпті 11 рет тұрмысқа шығып үлгерген бойжеткендерді көруге болады. Бойжеткендер әр некедегі күйеулерінен негізсіз «талақ» алған соң балаларымен баспанасыз, қамқорлықсыз қалып қойып отыр. Отбасылық жауапкершіліктен бас тартқан псевдо сәлафилердің мұндай әрекеттерінен көптеген қыз-келіншектер, әйел-аналар, сәбилер тастанды хәлге ұшырауда. Сондай-ақ, әйеліне ұялы байланыстан «талақ» деген смс-хабарламаны жіберу арқылы отбасылық жауапкершіліктен қашқақтау осы псевдо сәлафилікті ұстанған азаматтардың арасында әдетке айналып отыр. Оған зайырлы және дәстүрлі діни-рухани құндылықтарды мойындамайтын, қоғамнан оқшауланған салафилік топқа арбалған адамдардың діни ұстанымдарының негізінде ата-анасымен, отбасымен туыстық қарым-қатынастарын бұзу оқиғалары айғақ болмақ. Псевдо сәлафизм жамағатының белсенділері сұрақ-жауап түрінде әр түрлі діни бағыттағы сұхбат жүргізу арқылы діндарларға қалай өмір сүру керектігін, кіммен қарым-қатынасты сақтау немесе үзу қажеттігін үйретеді. Осылайша мақсатты түрде идеологиялық ықпалға түскен адамдардың санасын басқару жүзеге асырылады. Оқырман халықты жалықтырып алмас үшін , сөзді ұзатпай олрдын адасқан тұстарын қысқа қайыруға тура келіп тур. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Шариғатта жастайынан ілім алып исламды жетік менгермеген ұстаз сымақтардың артынан ергендердің нәтижесі осы іс әрекетке әкелері анық.

Оңғар Тәжиев
«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы