ШЫМКЕНТ: Президент жолдауы түсіндірілді (ФОТО)

0
1237

Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай кездесу ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Бекайдар қажы Әміре, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  «Халал Даму» ЖШС қалалық өкілі Қазыбек Сарыбаев және Абай ауданына қарасты мешіт имамдары т.б.қатысты. 

Сондай-ақ, кездесу барысында  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Бекайдар қажы Әміре, Азамат Әбдікерімұлы жолдауда айтылған мәселелер туралы баяндама жасады. 

Мұнымен қатар, кездесу аясында мешіт имамдарына алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі