Жалған лаңкес ұсталды

0
800

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ғимарат аумағын қоршауға алып, жеті адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 қараша күні сағат 10:10-де Павлодар қаласының полициясына «Сәтпаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимарат кез келген минутта жарылуы мүмкін» деген хабарлама келіп түскен. Бұл жайында журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Осы дабыл бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, ғимаратты қоршауға алды. Өңірлік ПД мәліметінше, жеті адам эвакуацияланды.

«Ғимарат және іргелес жатқан аумақ тексеріліп, күдікті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ, қоңырау жалған болып шықты», – деді ақпарат көзі.

Полиция қызметкерлері аз уақытта күдіктіні анықтады.

«Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде есепте тұрған 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты» деп хабарлады құқық қорғау органдарында.