Шымкент: «Рамазан энциклопедиясы» жарық көрді

0
596

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің атсалысуымен «Рамазан энциклопедиясы» атты шағын еңбек оқырманға жол тартты. Кітаптың авторы – Шымкент қаласы бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров.

Кітапта қасиетті Рамазан айына қатысты ең қажетті деген мәліметтер қамтылған. Яғни оразаның шарттары мен міндеттері, рухани һәм қоғамға пайдасы, тарауық намазы, ауызашар және сәресі дұғалары енгізілген.  Сондай-ақ салтымызға сіңген Жарапазан айту тарихы мен оның жыр шумақтары, бата беру сынды қажетті ақпараттарды табуға болады.

Кітап ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған пәтулар мен оразаға қатысты шешімдері негізінде әзірленді.

Жинақтың жарыққа шығуына 2018 жылы ҚМДБ «Тауаф» қажылық компаниясымен қажылыққа барған бір топ қажы ағалар қолдау көрсетті.