ШЫМКЕНТ: «АСАР» ШАҒЫНАУДАНЫНА 500 ТҮП ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
214

Бүгін Шымкент қаласындағы «Асар» шағынауданында «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында 500 түп жеміс ағашы отырғызылды.

Қаратау ауданы әкімдігі ұйымдастырған игі шараға 100-ге жуық аудан тұрғыны мен 7 техника жұмылдырылды. Осылайша бүгін, «Асар» шағынауданындағы орталық көшелердің бойына алма, алмұрт, өрік жəне шие ағаштары отырғызылды.

Аудан ақсақалдары жеміс ағашының көгеруі мен еліміздің гүлденуі үшін дұға етіп, ертең ағаштар көктеп өскенде оның саясында демалғаны үшін, оның жемісін жегені үшін әрбір егушіге жақсылық жазылатынын айтты.

Қаратау ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Наурыз айында ауданда жалпы 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылған екен.