ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙДІ АЛУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
208

Шымкент қаласында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жоспар бойынша жалпы 676 пәтер беріледі. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға 378 пәтер берілсе, қазіргі таңда 100 пәтерді жалға беру туралы шешім шыққан. Бұл туралы бүгін «Шаңырақ» орталығында көпбалалы аналармен кездескен қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары А.Балықбаев мәлімдеді.Кездесуде сала маманы үй беру мәселесі, бірінші кезекте тұрғын үй қатынастары туралы заңға байланысты реттелетінін айтып, ҰОС ардагерлері мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар баспананы бірінші кезекте алуға құқылы екенін айтты. Жоғарыда аталғандарды алға тартқан А.Балықбаев кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй заң аясында кезекпен берілетінін және әлеуметтік жағдайының төмендігін айтып, маған бүгін, ертең үй беріңдер деп басымдық көрсету дұрыс еместігін түсіндірді.Сонымен қатар осы жиынға «Отбасы банк» АҚ өкілдері де қатысып, мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін үйлер туралы баяндады. Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар қалай пәтер алуға болады деген мәселені көтерді. Бұл сауалға «Отбасы банк» АҚ кеңесшісі Оразалы Әбдіманап жауап берді. — «Отбасы банкте» депозит ашып, 3 жыл бойы қаражат жинасаңыз, алғыңыз келген үйдің 50 пайызы жиналса — ешқандай табысты растаусыз және үй кезегіне тұрмай-ақ үй алуыңызға болады, — деді банк өкілі.