22300 АДАМҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

0
588

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда

Қасиетті Рамазан айының екінші онкүндігінде жасалған қайырымдылық шараларының қорытындысы бойынша жалпы 22300  адамға азық-түлік қоржыны мен ауызашар себеті үлестірілді.

Дәлірек айтқанда,  қаладағы 22 мешіт тарапынан  15600 адамға «Ауызашар себеті» үлестірілсе, ал жалпы мешіттер мен өзгеде кәсіпкерлер тарапынан  6700 отбасыға  азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» таратылды.

Айта кетсек,  игі шараларда  қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторының өкілдері ерікті түрде қызмет етіп келеді.

Аталмыш шаралар туралы жергілікті  «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен  «Оңтүстік»  радиосымен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері ақпарат таратты.