САУД АРАБИЯСЫ ӨЗ ШЕКАРАСЫН БІРҚАТАР ЕЛДЕРГЕ АШТЫ

0
636

Әлемдік пандемияға байланысты қасиетті Мекке мен Мәдинаға баруға  шектеулер қойылғалы бір жылдан асты.

Сауд Арабиясы үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпанда қабылдаған шешіміне сәйкес, осы жылдың 3 ақпаны мен 17 мамырына дейін әлемнің бірқатар елдеріне шекарасын жапқан еді. Дегенмен тікелей әуе қатынастарына шектеу қойылмаған біршама мемлекеттен аздаған ұмрашылар тобы қасиетті мекендерге табан тіреу бақытына ие болды.

Осы кезеңде Саудия билігі коронавирусқа қарсы вакцина мәселесінде ерекше талап қойып, мемлекет аумағына кіру үшін шетелдіктерге 4 түрлі вакцинаның бірі салынған болуы міндетті екендігін талап етті: Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna.

Бұл талаптарды орындамаған шетелдік азаматтар үшін қатаң заңдық жазаны қолдану белгіленген. «Arab News» ақпараттық порталында жария болған мақалада «Сауд Арабиясы ұмра рәсімдерін өтеуге рұқсатсыз келген қажыларға 10 мың саудтық риал (2667 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынатындығын мәлім етеді» деп көрсетілген.

Сауд Арабиясы карантиндік талаптарды сақтау ережелерін бұған дейін де қатаңдатқаны жер жаһанға белгілі. Өкінішке қарай кейбір қазақстандық туристік компанияларының бірі, қойылған талаптарды толық орындамастан біршама Қазақстан азаматтарын Мекке жеріне ұмраға алып барып, олардың денсаулығына қауіп төндірді.

Ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сауд Арабиясының Мекке мен Мәдина қалаларының қасиетті орындарына коронавирустық инфекцияның таралу аймағының кеңейіп, жаңа штаммдардың айналымы жағдайында қазақстандық азаматтардың кіші қажылық жасаудан осы кезеңде уақытша бас тартқанын ұсынды. Сондай-ақ, ҚР ДСМ қажылықты негізінен 60 жастан асқан қарт адамдар жасауынан созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулар COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары болатынын мәлімдейді.

Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы азаматтарымызға пандемиялық ахуал тұрақталған соң және САК үкіметі ресми түрде шекарасын жалпыға толық ашқаннан кейін ұмраға баруға кеңес береді.   

Сонымен қатар Сауд Арабия билігі үлкен қажылыққа байланысты нақты бір ақпаратты әлі ресми жарияламағанын хабарлаймыз.