Түркістан: Жарты жылдық есеп берілді

0
518

Түркістан: Жарты жылдық есеп берілді
Түркістан қаласында өңір имамдары бас қосып, жарты жылдық жұмыс қорытындыланды.

Аудан және қала имамдары 7 бағыт, зекет, есеп-қисап, халал даму, бойынша жеке-жеке есеп берді. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов әріптестерін саннан сапаға көшуге шақырды.

Сондай-ақ, Құрбан айтқа қатысты жиналыс өтті. Құрбан шалу, мерекені өткеру рәсімдерін тек ҚМДБ талабына сәйкестендіру тапсырылды. Ең үздік есепшілер облыс имамының алғыс хатымен марапатталды.