Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін рұқасат алу

0
685

Қазақстанда діни әдебиеттерді қатаң түрде белгілі бір жерлерде таратуға рұқсат етілген. Егер бұл ереже сақталмаса, кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алайда, егер дінтану сараптамасы материалдар мазмұнынан экстремистік идеяларды тапса, бұл басқа жазаға әкеп соғады.

Бірінші кезекте, «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі ережеге» (ҚР Дін істері  және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 Бұйрығына) сәйкес діни әдебиет үш жерде еркін таратылуы мүмкін.

1 — діни ғимараттардың орындары;
2 — рухани-білім беру ұйымдарында;
3 — жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер айқындайтын арнайы стационарлық үй-жайлар.

Басқа жағдайларда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату заңсыз болып табылады.

Бұл ретте, ҚР Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:

 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, дайындауға, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу жеке тұлғаларға – қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, елу, заңды тұлғаларға екіжүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған орай, Діни әдебиетті тарату үшін болжамды орынға   рұқсат  алу қажет және ереженің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Нақтырақ айтсақ, діни әдебиетті тарату орнын төмендегі көрсетілген орындарында орналастыруға тыйым салынады:     
-қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға байланысты басқа да қызметтердің негізінде жүзеге асырылады;
— рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында.

Стационарлық үй-жайлар осы ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген аумақтан және ғимараттардан (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) кемінде 300 метр қашықтықта орналастырылады.

Діни әдебиетті тарату үшін рұқсат алу мемлекеттік қызмет болғандықтан, өтініш халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсырылады. Өтінішке қосып тапсыратын қажет құжаттардың тізім жоғарыдағы көрсетілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 

Дін істері басқармасы мамандары үнемі адамдар көп шоғырланатын базарлар мен сауда орындарында мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады, сондай-ақ Интернетте қандай діни кітап таратылатынын және әлеуметтік желілерде қандай деструктивті діни аккаунттар мен топтар бар екенін және осы аккаунттарға кім жазылатынын үнемі қадағалап отырамыз.

Егер қандай да бір мұндай деректерді кезіктірген болса, кез – келген тұлға анонимді түрде сенім телефонына хабарласа алады. Біз жедел түрде іс-әрекет жасап, заңсыздықтың орын алуына жол бермеуге тырысамыз. Басқарманың мақсаты тек айыппұл салумен ғана шектелмейді, заңбұзушылықты болдырмау үшін барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарға діни материалдарды рұқсатсыз, сондай-ақ Интернет арқылы таратпауға кеңес бергім келеді.

Шымкент қаласының
дін істері басқарма басшысы  Ә.Тұяқбаев