«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

0
492

Алматы қаласының Жетісу аудандық «Вайнах» мешітінде жыл сайын республика көлемінде дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі іс-шара барысында 63 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып, «Вайнах» мешіті Жетісу ауданының көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасап отыр. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» дейді «Вайнах» мешітінің наиб имамы Мархабай Аханбайұлы.