Алматы: Талапкерлер емтихан тапсырды

0
521

Алматы қаласындағы Әбу Ханифа медресе-колледжінде 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Емтиханға барлығы 75 талапкер қатысты. ҚМДБ-ның арнайы комиссиясы, атап айтқанда ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет талапкерлерден емтихан алды.