Ғаламторда діни ақпарат алудың қауіптілігі

0
160

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, әмбебап ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажетті мәліметті алуға, мазалаған мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Ғаламтор дүниетанымымыздың шекарасын кеңейтіп, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себебші болып келеді.

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы — мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беріп отыр.

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның ияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып – ғаламтордағы ақапараттың бұрыс дұрыстығы.  

Ғаламтордың пайдасы мен зияны қатар жүретін білсек те, мұны ескере бермейміз. Соның себебінен қоғамымызда өзге керағар діни ағымдардың, псевдосәләфилік идеологияның етегіне еріп, арбалып қалу оқиғалары орын алып жатыр.  

Еліміз егемендігін алған соң, әсіресе дінге деген ерекше жаппай қызығушылық артып, дінді ұстанушылар қатары белсенді түрде өскені белгілі. Әсіресе орта және жас буын өкілдерін атап өтуге болады. Әрине сол сәттерде діни ұйымдар мен топтардың да саны күрт көбейді.  Кезінде жоғарыда айтып отырған буынның көбісі ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты түбегейлі зерттеп ажырата алмай, соңы бүлікке, түсінбеушілікке алып келді.  Дегенмен, бүгінгі таңда мемлекетіміз дін саласын барынша тұрақтандырды. Бірақ соған қарамастан радикалды топтар әлі де өз белсенділігін тоқтатқан жоқ. Қазіргі таңда ғаламтор желісін теріс пиғылды радикалды керағар діни ағымдар өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін кеңінен пайдануда. Осы тұста әсіресе жастар интернеттен діни білім алуды дағдыға айналдырды. Оларға интернеттен білім алдың қауіптілігі жайлы қанша айтылса да, көбісі мән бере бермейді. Соның кесірінен көп жастарымыз жат ағымның жетегіне еріп, теріс ұғым пайда болып, маңдайларын тасқа ұрып, кеш түсініп опық жеп жатыр. Интернеттен рұқсат етілмеген сайттардан діни сауаттымды ашам деу құр әурешілік. Өз-өзімізіге зор жауапкершілікпен қарап, болашақ өмірімізге балта шаппай, сақтықта болайық.

Қазіргі заманғы жастар көп жағдайда діни білімдерге күмәнді діни форумдарға және Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге бару арқылы тырысады, онда жалған шейхтер мен экстремистік және террористік ұйымдардың жалдаушылары олармен байланысқа түседі, оларды қате бағытта шебер басқарады. Ғаламтор арқылы таратылған брошюралар мен ақпараттық материалдарда діни саланың жекелеген мәселелері бойынша бұрмаланған ақпараттар да болатынын жіті түсіну қажет. Аталғандар әрекеттердің бәрі олардың бойында дін туралы қате түсінік қалыптастыра отырып, жастардың ой-өрісін, сана-сезімі мен көзқарасын түбегейлі өзгертуді, адамгершілік-рухани дамуына кедергі жасауды мақсат тұтады.

Қорыта айтқанда интернет арқылы білім алғысы келетіндер рұқсат етілген діни интернет-ресурстарын ғана пайдалануы керек. Бүгінгі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 20-дан астам ресми интернет-ресурстары бар, олардың тізімі ҚМДБ-ның «muftyat.kz» сайтында жарияланған. Ақпараттық-танымдық сайттардың ішінде «E-islam.kz» және «Islam.kz» интернет-ресурстар сәтті әрі белсенді жұмыстар жүрізуде. Осы секілді сенімді дерек көздерінен білім алған жастар өмірде еш адаспасына, қой терісін жамылған арам пиғылдылардың арбауына түспесі анық.

Нұржан Күндебай,
Шымкент қаласының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы