Тараз: Түркия консулдығы мамандарымен кездесті

0
476

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз шаһарына келген Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының дін істері жөніндегі кеңесшісі Емрулла Юзум және кеңесшілік хатшысы Талғат Амангелдіұлымен кездесті.

Қадірменді қонақтарды күтіп алған бас имам, мешіт қызметкерлері мен медресе директоры Сәкен Сейдикаримов орталық мешіт пен медресені аралатты. 

Облыстың діни ахуалы жайлы тілдесіп, өңірдегі мәдени мұралар жайлы ақпарат беріп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі тарап бір-біріне арнап дайындаған сыйлықтарымен алмасты.