Қайрат Жолдыбайұлы: Ұлттың жаңа болмысы назарға алынды

0
18

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы өтті. Онда екі жылдан бері кеңес мүшелерінің ұсынымымен жүзеге асқан әр саладағы бірқатар оң өзгеріске тоқталды, деп жазды дінтанушы, Ұлттық кеңестің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.Әсіресе, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мен сапасын жақсарту межелері айрықша назарға алынды. Сана өзгермесе, жақсы тәрбие болмаса түбегейлі реформаның жүзеге аспайтындығын қадап айтқаны бізге үлкен жауапкершілік жүктей түсті.

Екіншіден, Мемлекет басшысының аузынан жақында ғана жарық көрген “Кемел адам” кітабым туралы жылы лебіз есіту күтпеген жаңалық болды.

Мемлекет басшысының қыруар жұмыстарының арасында уақыт тауып жақында жарық көрген «Кемел адам» кітабын оқып шыққанын да айта кетті.

Бұрын президентіміздің  ұшақта, кез келген бос уақытында кітап оқиды. Әрі өзекті жерін сызып отырып жылдам оқиды дегенді естіген едім. Сондықтан кітапты оқып тастағанына қатты таңқалған жоқпын. Бірақ көп кітаптың ішінен  тұлғалық даму бағытындағы менің еңбегіме назар аударғаны қуантты. Бұл – президетіміздің ағартушылық бағыттағы еңбекке деген оң көзқарасының, зиялылығының көрінісі. Бұл менің жеке басыма емес, кітап ішіндегі пайдалы білімге, ұлттық һәм рухани құндылықтарға деген ілтипат деп қабылдадым. Алла еліміздің ертеңін баянды еткей! – деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.