«Білім беру нысандарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру және діни экстремизмнің қауіптілігі мен оның алдын алу шаралары» атты бірлескен кеңкөлемді оқыту семинары өтті.

0
13

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқу орнының ректоры Гүлжан Даулетбекқызы Сүгірбаева және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Марцынечко Вадим Вадимович пен Шымкент қаласы әкімінің аппараты Терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлының қатысуымен «Білім беру нысандарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру және діни экстремизмнің қауіптілігі мен оның алдын алу шаралары» атты бірлескен кеңкөлемді оқыту семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар» 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітіліп, онда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындалған болатын. Осыған орай аталған жиында шақырылған қонақтар терроризмге қарсы сақтық шаралары туралы ақпараттар берді.

Семинарға университеттің басшылық кұрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары және тиісті жауапты қызметкерлер, Шымкент қаласы әкімі аппараты, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шымкент каласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының дін істері басқармасы, Шымкент қаласы полиция департаменті, Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен жауапты мамандары қатысты.