«ПАЙҒАМБАР АХЛАҒЫ» АТТЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

0
523

Бүгін, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың «Пайғамбар ахлағы» атты кітабының танытымы ұйымдастырылды.

Кітаптың тұсаукесер шарасына Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді,  дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, ардагер имам Дәурен қажы және ұстаздар, медресе шәкірттері қатысты.

Рухани тәрбие – Ихсан ілімі аясында жарыққа шыққа кітапқа белгілі ғалым Абдулла қажы Жолдас, Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы,  дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров пікір жазған.

Кітап авторы «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза аталмыш кітапты қалалық«Әл-Фараби» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына, мешіттер мен медресе кітапханаларына үлестірілетіндігін атап өтті. Кітап құтты болсын!

ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі