Дүйсен Қасейінов: Елбасы және түркі халықтарының ынтымағы деген ұғым бір-бірімен сабақтас

0
455

Қазақстан дербес ел атанған сәттен бастап түркі әлемімен байланысы нығая түс­ті. Түркі халықтарының бір-біріне ру­­хани жағынан жақындауына біздің елі­міз­дің де қосқан үлесі қомақты. Түркі тектес ха­лықтардың басын қосатын ұйым­дардың құрылуына, оның әрі қа­рай қанат жайып, нығая түсуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың сіңірген ең­бегі ерекше. Тұңғыш Президент күні қар­саңында ТҮРКСОЙ ұйымының бас хат­шысы Дүйсен Қорабайұлына интер­нет байланысы арқылы хабарласып, әңгімелескен едік.

– Құрметті Дүйсен Қорабайұлы, биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толған айтулы кезең. Сіз басқаратын ТҮРКСОЙ ұйымының құрылғанына да ширек ғасырдан астам уақыт бол­ды. Осы кезең аралығында халық­аралық ұйым мен біздің ел арасын бай­ланыстыратын ауқымды іс-шара­лар атқарылғанын білеміз. Қа­зақстан мен ұйымның бірігіп ат­қарған жұмыстарының маңызы мен құндылығына тоқталып өтсеңіз.

– Иә. Биыл халықаралық ТҮРКСОЙ ұйы­мының құрылғанына 28 жыл. 1993 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол­дауы­мен Алматы қаласында түркі елде­рі­нің мәдениет министрлері арнайы ке­­­­лісімшартқа қол қойғаны баршаңызға бел­гілі. Ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Туыстас елдер мәдени және рухани тұр­ғыдан айтарлықтай жақындаса түсті. ТҮРКСОЙ-ды қазір түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сы деп атасақ артық айтпай­мыз.

Ұйым тарапынан атқарылған жұмыс­тар өте көп. Қазақ­тың ұлы ақыны Абай Құ­­­нанбайұлының 175 жылдығын кең кө­лемде атап өттік. Атақты компози­торы­­­­мыз Мұқан Төлебаевтың 100 жыл­ды­ғына орай түркі әлемінде 2013 жыл «Мұқан Төлебаев жылы» деп жарияланды. Сондай-ақ Анкарада Дина Нұрпейісова мен Тәттімбет Қазанғапұлы сияқты ұл­ты­мыздың ұлы тұлғаларының атындағы парк­терді аштық.

Биыл маусым айында ақиық ақынымыз Мұқағали Мақа­таев­тың «Соңғы тырналар қайтқанда» атты кіта­бының тұсауын кестік. Бұл туынды түр­кі әлемінің 7 тіліне аударылды. Осы­ған байланысты Түркияның бірнеше қа­ласында арнайы іс-шара өткіздік. Қа­зақ­станнан үлкен делегация келді. Ақын­ның ұрпақ­тарын да шақырды.

Сонымен қатар Жамбыл Жабаевтың 175 жылды­ғы­на орай ақынның таңдамалы шығар­ма­лары топ­тастырылған кітап шығар­дық. Оның тұсауын Алматы және Анкара қала­ларын­­да кестік. Сондай-ақ ақы­ны­мыз­дың құр­метіне орай халықаралық кон­фе­рен­ция ұйымдастырдық.

Әлі де жүзеге асыратын жоспарлары­мыз көп. Мысалы, 2022 жылы ұлы ағарту­шы­мыз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл­дығын, жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын атап өткелі отырмыз. Жал­пы, Мұхтар Әуезовті ЮНЕСКО дең­гейін­де тойласа да артық етпейді. Мұнан бөлек, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың, күміс көмей әншіміз Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтуге болады.

– Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың түркі халықтарының басын қосып, олар­дың байланысын жа­қын­дастыра түсуде үнемі бастама­шы­лық танытып жүретіні мәлім. Осы орайда ТҮРКСОЙ-дың халық­ара­лық аренада ауқымды жұмыс ат­қа­рып, түркі бірлігін нығайта түсу­ге Елба­сы­н­ың жасаған ықпалы мен тарихи рө­ліне тоқталсақ.

– 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесіне мүше елдердің самми­тінде тарихи шешім қабылданғаны баршаңызға белгілі. Бұл қадам елде­ріміз арасындағы ықпалдастықты ілгерілетіп, жаңа деңгейге көтеріп, ұйымның мәртебелі миссиясын жү­зе­ге асыруға тың серпін береді деп сенеміз.

Сол тарихи жиындағы үндеуде Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті – Ел­басы, Түркі мемлекеттері ұйымының Құр­метті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі әлемі ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының қалыптасуында маңызды рөл ат­қарды. Ең алдымен, Шығыс – Батыс ба­ғытындағы қатынастардың кең кон­текстінде өркениеттер мен мәдениеттер арасын байланыстырып келді. Сонымен бірге ол адамзат мәдениетінің рухани және материалдық қазынасына да өз үлесін қосты. Бүгін біз жаһандық-тарихи эволюцияның жаңа кезеңінде сол үрдіс­тің қайталауын көріп отырмыз» деген еді.

Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемін біріктірудегі рөлін айрықша атап өткен жөн. Ол барлық түркі ұйым­дары­ның құрылуына бастамашы болды. Түр­кі мемлекеттері ұйымы, Түркі акаде­мия­сы, Түркі тілдес мемлекеттер Парла­мент­тік ассамблеясы халықаралық дең­гей­де ауқымды жұмыстар атқарып жа­тыр. Бұған барлығымыз куәміз.

Біз Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиден­ті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен ха­лық­аралық жиындарда кездескенімізде үне­мі түркі әлемінің бірлігі туралы айта­мыз. Ол түркі дүниесі лидерлерінің бірі ретінде үнемі ел мен елді біріктіруге не­гіз­дел­ген ой-тұжырымдарын ортаға са­лады.

Қорыта айтқанда, Елбасы және түркі ха­лықтарының ынтымағы деген ұғымдар бір-бірімен өте өзектес. Тұңғыш Президентіміздің саяси тұлғасы туралы айт­қанда, түркі әлемінің интеграциясын ат­тап өте алмаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та осы саладағы са­бақтастықты берік ұстап, бағалы бас­тамалар көтеруде. Елбасының қолдауымен құрылған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы түркі мемлекеттерінің бірлігі жолындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

– Сіз басқаратын ұйым осы уа­қыт­қа дейін түркі халықтарына ор­тақ көптеген іс-шараның сәтті өтуіне мұрындық болды. Ол іс-шаралардың көбісі мәдени, рухани салаға бай­ла­нысты. Қазір ақпарат дәуірі, туысқан ха­лықтардың бірлігін нығайта түсу­де медиа саласының да атқарар мін­деті ерекше. Сондықтан болашақта түр­кітілдес елдер журналистерінің басын біріктіретін қандай да бір жо­баны жүзеге асыру жоспар­ларыңыз­да жоқ па?

– БАҚ өкілдері – халықпен арадағы кө­пір. Халықаралық түркі ұйымдарының ат­қарып жатқан жұмыстары наси­хат­тал­маса бәрі бекер деп айтсам, артық болмас. ТҮРКСОЙ ұйымы медиа саласының өкіл­дерін қолдау мақсатында 2010 жылдан бері белгілі бір тақырыпта қалам тербеп жүргендерге арнайы сыйлық табыстап ке­леді. Тек 2020 жылы пандемияға бай­ла­нысты іс-шара ұйымдастырылмады. Соң­ғы марапат 2021 жылдың қыркүйек айын­да Әзербайжанның Шуша қала­­сын­да өтті. Таулы Қарабақ тақырыбында жаз­ған Түркі әлемінің 36 қаламгерін ма­­­рапаттадық. Олардың бесеуі – қазақ­стан­дық журналист. Бұл жобамызды әлі де жалғастырамыз.

– Сіздердің ұйымдарыңыздың көп­теген шарасынан алатын та­ғы­лым мол. Мәселен, «Түркі дүниесінің мәдени астанасы» деген жақсы жоба бар. Кейінгі екі жылда әлемді жай­лаған індетке байланысты көптеген жоба шектеліп тұрған болу керек де­ген ойдамыз. Егер карантин шек­теу­лері жойылса, жақын уақытқа ар­налған қандай ілкімді жоба­ларыңыз бар?

– Иә. Өкінішке қарай, пандемияның ке­­­сірінен жоспарлаған бірқатар жо­ба­лары­мызды тоқтату немесе кейінге қал­дыру­ға тура келді. Өзіңіз айтып отырған «Түр­­кі дүниесінің мәдени астанасы» жо­басы расында да сәтті болды. Алғашқы бо­лып 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласы атан­ды. Кейін Түркияның Ескішехир, Татарс­танның Қазан, Түрікменстанның Мерв, Әзербайжанның Шеки, Түркістан, Түр­кияның Кастамону, Қырғыз Респуб­лика­сының Ош қаласы және Өзбек­стан­ның Хиуа қаласына осындай мәртебе беріл­ді.

Алайда алдында айтып өтке­нім­дей, пандемияға байланысты Хиуа қа­ла­сындағы ресми іс-шараларымызды биыл қыркүйек айында ғана өткізе алдық. Сол жиында 2020 жылы Түркі дүниесінің мә­дени астанасы ретінде Түркияның Бур­са қаласы таңдалды. Бұл Анадолы – елі­нің тарихы терең, Ыстанбұл, Анкара, Измирден кейінгі ең ірі шаһардың бірі. Мәдени астананың ашылу салтанатын қаңтар айына жоспарлап отырмыз. Бұл қалада да ірі жобалар жасамақ ниеттеміз. Солардың бірі – халықаралық ақындар айтысы.

Өздеріңізге белгілі, ТҮРКСОЙ ұйымы пилоттық жоба ретінде Анкарада 30 қазанда түркі әлемінің 5 елінен аузы дуалы ақындарымызды жинап, айтыс өт­кізген едік. Жасыратыны жоқ, «олар бір-бірін қалай түсінеді?» деп басында күмәнмен қарағанымыз болды. Бірақ бұл шарамыз сәтті өтті. Айтыскерлерімізді тіл­дерінің жақындығына байланысты жұп­қа бөлдік. Барлығы да еркін түсінісіп кет­ті. Бастысы, халық жақсы қабылдады. Ай­тыс көбіне қазақ пен қырғыз хал­қын­да кең тараған. Қалған түркі елдерінде жоқтың қасы. ТҮРКСОЙ ұйымы өзге бауыр­лас елдерде ұмыт қалған атаөнері­мізді жандандыра түсті.

– ТҮРКСОЙ ұйымына кіретін туыс­қан 6 мемлекет бар. Бұл елдер тіл­дік, тектік тұрғыдан жақын бол­ғанымен өз алдына дербес мем­ле­кеттер. Дәл қазіргі уақытта түркі ха­­лықтары үшін қандай ортақ негіз­гі мәселе бар?

– Түркі халықтарының қазіргі жағ­дайы бұрынғымен салыстырғанда әлде­қай­да жақсырақ. Елдеріміз мәдени һәм рухани тұрғыдан айтарлықтай жақын­даса түсті. Бірақ әлі де атқарылар шаруа­лар көп. Қазір нақты екі жоба жайында мә­лімет­термен бөлісе кетейін.

Біріншісі – түркі дүниесінің дәстүрлі музыкасының ар­хивін құру. Жақында ғана Анкарада ашыл­ған жаңа бір университеттің рек­торына ұсыныс жасаған едім. Ол – дәс­түрлі саз маманы. Ұсынысты жақсы қабылдап, жұмысты бастап кеттік.

Таяуда бір таныстарым Санкт-Петерборға сапармен барып, мұрағатымен танысып, түркі әлеміне ортақ мәдени мұралардың көшірмелерін алып келді. Вена ар­хи­вімен де келісімшарт жасадық. Оларда да түркі әлеміне қатысты дүниелер баршы­лық. Бұл мұрағатта 1900 жылдан бастап жаз­балар бар. Көбі әлі күнге дейін балауыз­дан жасалған таспада, үлдірде сақ­талған. Оның бәрін қазіргі заманауи та­сы­малдағышқа жинастырып, сипат­тамасын жазып, реттеу жұмысын бастап отырмыз. Ол үлкен архив болайын деп тұр.

Ресейдегі «Мелодия» мұрағатында да біраз дүние бар. Өкінішке қарай, ол жеке­шеленіп кетті. Ал мұрағаттар қайда кетіп жатыр, кімнің қолына түсуде, материал­дар қалай сақталуда деген жайттар үлкен проблемаға айналған.

Санкт-Петербор архивіндегі жағдай да өте нашар. Не бар, не жоқ екенін өздері де білмейді. Сол архивте Ахмет Жұбановтың 1930-жыл­дардағы жазбалары бар дейді. Жалпы, бізде дәстүрлі музыка аспаптарымызды зерт­теушілер бұрынырақта болмады. Алек­сандр Затаевич сынды зерттеу­ші­лердің қазақ даласын аралап жүріп жи­науының арқасында аспаптарымызға қатысты деректер ресейлік мұрағаттарда сақталып отыр. Олардың бәрін іздестіріп, реттеп, келесі ұрпаққа жеткізу үшін сақтауымыз қажет.

Архивке қатысты мы­на бір жайтты да айта кетейін. Қо­лымда 1915 жылы жазылған бір кассета бар. Оны Вена мұрағатына барғанымда сыйға тарт­қан еді. Кассетада соғыс ке­зін­де Ре­сей­ден тұтқынға алынған түр­кі­лердің бәрінің өлең айтқан, аспапта ой­наған кездері жазылған. Қай жерде туға­ны, аты-жөні, туған жылы, туған жері бәрі бар. Ал олар­дың ұрпақтары қазір ата-бабалары­ның дауысы сақталғанын білмейді. Осы­ны көр­геннен кейін Париж мұрағаты­на көңі­лім ауып отыр. Бәлкім, Әміре Қашау­баев­тың 1925 жылы Париж­ге барғанда жазған дауысы қолымызға түсіп қалар.

Кезінде музыка зерттеушісі, домбырашы-күйші Жарқын Шәкәрім «Мелодиядан» Әміренің жазбасын тауып алған еді. Марқұм Әміренің дауысын 1925 жылы француздар жазып алғанын және ол жеке коллекцио­нердің қолында еке­нін айтатын. 2025 жылы бұл жазбаға ға­сыр болады. Оны тауып алсақ, керемет бо­лары анық.

Жал­пы, Әміремен қатар сол заманда башқұрт­тың құрайшысы, әзер­байжан әншісінің де жазбасы сақ­талуы мүмкін. Осылардың ішінде Әміре мен башқұрт құрайшысының тағдыры ауыр болды. Башқұрт құрайшысы сот­талды, айып батальонына жіберілді. Әміренің ажалы неден болғаны беймәлім.

Екінші жоба – Кембридж университетімен үлкен энциклопедия әзірлеу. Ол «Дәс­түрлі қазақ музыкасының энциклопедия­сы» деп аталады. Жобаға қажетті мақа­ла­лар қазір келіп жатыр. Бұл ұзаққа созы­латын жоба болмақ. Материалдар жи­нақталған сайын топтастырып жарық­қа шығарып отырамыз.

Міне, осы жобаларымыз да түркі ха­­лықтарына бір-бірін тағы да жақын тану­­ға мүмкіндік береді деп санай-мын.

Сұхбаттасқан
Бейбіт ТОҚТАРБАЙ