НАЙБ МҮФТИ САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ ЖАС ҚАРИЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ

0
407

ҚМДБ-ның Төрағасының орынбасары, найб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінде ұйымдастырылған рухани-танымдық мерекелік шараға қатысты.

Рухани шара барысында найб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы жиналған жамағатқа Пайғамбармыз (с.а.с.) салауат айтудың артықшылығы мен сауаптары жөнінде уағыз айтып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады. 

Сондай-ақ, найб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы мешіт жанында «Әл-Біләл» Құран жаттау орталығында Құран-Кәрімді толық жаттап қари атанған  Жанболат қари Абдужамалұлы мен Елнұр қари Ділмұратұлына Ұмра қажылық сертификатын табыстап, батасын беріп, өмірлеріне сәттілік тіледі.

Игі шараны ұйымдастырған Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Берік Қалдаров мәртебелі қонақтарға өз ризалығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Рухани-танымдық шараға соңында жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі