ИМАМДАР ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

0
97

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіт имамдары Шымкент қалалық №13 емханасында коронавирусқа қарсы екпе салдырды.

Вакцина салдыруға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Абай аудан бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров, Жастар ісі секторы,  мешіт имамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның 3-ші кезеңіне арналған екпесін салдырды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат талаптарына сәйкес вакцина салдыруға болатыны жөнінде арнайы мәлімдеме жасаған болатын.  Жалпы, өзімізді, отбасымызды және жалпы қоғамды сақтау үшін вакцина алған дұрыс деп санаймыз», — деді Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы. .

Айт кетсек,  бүгінгі игі шараға Шымкент қаласына қарасты 88 мешіттің 200-ден астам дін қызметкерлері екпе салдырып жатыр.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі