Сансызбай Құрбанұлы бітіруші түлектермен кездесті

0
576

Бүгін,  ҚМДБ Найб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы  Түркістан  облысы  «Адами  әлеуетті дамыту басқармасы» ММ  «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы барды.

Кездесуге ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов,  «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Тауаф» фирмасының қалалық өкілі Азамат Әбдікерімұлы,  қалалық «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және студенттер қатысты.  

Кездесу барысында «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттеріге ілім үйрену, елге қызмет ету, имамдық қызмет, т.б. өзекті тақырыптар жөнінде насихатын айтып, батасын берді.

ҚМДБ-ның «Шымкент»  медресе-колледжінің баспасөз қызметі