«QMDB Halal оқыту орталығында» өңірлік мамандардың білімін жетілдіруге арналған үш күндік оқусеминар басталды. Семинарға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, шариғат және пәтуа мамандары, стандарттау және сертификаттау саласындағы қызметкерлер және еліміздің әр аймағынан келген технологтар қатысты.

Айбек Асқарбекұлының дәрісімен басталған семинардың алғашқы сабағында Діни басқарманың маңызды салаларының бірі саналатын «халал стандарттау және сертификаттау» бағытының маңызы, сертификаттау қызметіне жауапкершілікпен қарау, адалдық пен кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері ортаға салынды.

«Жаһандану заманында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, маманның кәсіби өрлеуі кәсіпорын қызметін жандандыруда аса қажет. Осы орайда Діни басқарма мамандарының тәлімгерлігімен біліктілікті арттыру оқу-семинарын ұйымдастыру қолға алынды. Үш күнге созылатын семинарда қатысушылар «Халал Даму» бекіткен 6 стандарт бойынша дәріс тыңдайды. Тек теориямен ғана шектелмей, қатысушыларды өндіріс орындарына апарып, аудит жұмысының орындалу барысымен таныстырады. Семинар соңында мамандарға арнайы сертификат табысталады» деген Айбек Асқарбекұлы бұл іс-шара – отандық халал индустриясының дамуы мен өркендеуі, халал стандарттау және сертификаттау саласының жандануы үшін жасалып жатқан маңызды қадам екенін жеткізді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *