ҚМДБ: Діни еңбектерді қазақ тіліне аудару мәселесі көтерілді

0
423

ҚМДБ-ның Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай осы елдің Дін істері басқармасы діни басылымдар бөлімінің басшысы Юнус Юкселмен кездесті.

Кездесу барысында алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын бірқатар мәселе талқыланды. Соның ішінде діни еңбектерді қазақ тіліне аудару мәселесіне баса назар аударылды.

Айта кетейік, 2021 жылы Анадолы еліне ресми сапармен барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Анкарада Діни басқарманың Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі етіп Жандос Айтбаевты тағайындаған болатын.