Зайырлылық таным, деструктивті діни ағымдардың салдары, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау мақсатында семинар ұйымдастырылды

0
338

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 6-тармағында көрсетілгендей: «Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды».Осы мақсатта 25.02.2022 жылы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы И.Айтаевпен бірлесе отырып, зайырлылық таным, деструктивті діни ағымдардың салдары, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан алшақтау мақсатында семинар ұйымдастырылды.Сонымен қатар жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, сыбайлас фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жайы таныстырылды.Семинар барысында тақырыптар ашылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.