Елімізде Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылады

0
818

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арнаған Жолдауында айтты.

«Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын оңтайландыру мақсатында бұрынғы Семей облысын қайтадан ашып, Абай облысы деп атауды ұсынамын. Бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау облысы болып қайта құрылады. Алматы облысында халықтың Алматы агломерациясының айналасына шектен тыс шоғырлануының алдын алу үшін облысты екіге бөліп, жаңадан Жетісу облысын құруды тапсырамын. Оның орталығы Қапшағай қаласы болады», – деді Президент.

Сондай-ақ, ол Қапшағайдың атын Қонаев деп ауыстыруға ұсыныс жасады.