Шымкентке ҚМДБ «Халал Даму» Бас сарапшы-технологы келді

0
338

Бүгін   ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Омарова Айжан Қалмаханқызы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.

Сапар аясында өңірдегі «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған  мекемелеріне тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде, Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік Нан», «Фаст-фуд» өнімдері мен  «София» балабақшасының тамақтану орны мен «Пилигрим — тәттілер» және  «Пельмен » цехы т.б. бірнеше  халал мекемелеріне барды.

Сондай-ақ, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы  өкілі  Қазыбек Сарыбаев  халал бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы қысқаша есебі тыңдалды. 

Айта кетсек, жоспар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Омарова Шымкент қаласы мен Түркістан облысында «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған  мекемелерінде бірнеше кездесулер мен семинарларға қатысды.