Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қызметкерлердің ықпалы» тақырыбында 3 күндік курс басталды. Курсты университет жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы мен ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің үйлестіруімен ұйымдастыруда.

НМУ ДЭҚІҚО директоры Тимур Нүсіпханұлы қазір халықпен тікелей жұмыс істеп отырған өңірлердегі Ақпараттық түсіндіру топтарына мүше мамандарды да біліммен қолдау жасап отыру аса маңызды екендігін алға тартты. Сондықтан бүкіл аймақтан 115 маман бас қосқан білім жетілдіру жиынында беташар сөз сөйлеген университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди университеттің білім беру ерекшелігімен қатар, ислам дінінің басты құндылықтарына тоқталды:

– Ислам – ешкімді дініне, нәсіліне бөлмейді. Мұсылман адам өзінің сенімін сақтап, өзгелерге төзімділікпен қарай біледі. Бұл Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өнегесі. Кез келген дін өкілі не жамағат пікірталасқа түссе, ақиқатты айтады, бірақ адамдарды зорлықпен діни сеніміне мәжбүрлемейді. Осындай бейбітшіл ислам дінін білім жолымен тарату – қашанда өзекті, – деп, курсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚР АҚДМ ДІК Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ердәулет Кенжеханов дін саласындағы мемлекеттік ұстанымдармен қатар негізгі бағыттарға тоқталды. Сондай-ақ жауапты жобаларды «Нұр-Мүбарак» университетімен бірлесіп жасаудың оң нәтижелерін де атап өтіп, курсқа қатысушы әрбір маманның талап-тілектерін тыңдап, ескеруге қашанда дайын екендігін жеткізді.

Бүгін басталған курс 22 академиялық сағатқа жоспарланған. Дін және қоғам, дін мен мемлекет арақатынастары, зайырлық ұстанымы – мемлекет дамуының негізі, қазіргі замандағы пікірталас тудырған діни мәселелер, дін мен дәстүр сабақтастығы, дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері және оңалту жұмыстарының тәсілдері, деструктивті діни ағым идеологиясын жақтаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, ислам психологиясы, Қазақ тарихындағы ханафи мектебінің маңызы, деструктивті діни ағым идеологиясын жақтаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тәсілдері, хадистану мәселелері, т.б тақырыптарда білікті оқытушы-профессорлар мен спикерлер дәріс беруде.

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *