ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ӨТТІ

0
385

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен кездесуін Әл-Фараби ауданында жалғастырды. Кездесуге Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен «Су Ресурстары Маркетингі» аумағы, Қонаев даңғылы, Байтұрсынов, Қазыбек би, Дулати, Диваев көшелерінің 400-ге жуық тұрғыны қатысты. Сонымен бірге, әкім есебіне мәслихат хатшылары мен жауапты сала басшылары да қатысып отырды. Әл-Фараби ауданы мегаполистің орталық аудандарының бірінен саналады. Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытына тоқталды. Жыл басынан бері қала әкімі ауданды аралау кезінде 22 мәселе бары анықталған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп, 13 мәселе орындалу барысында. Аталған аумақ, яғни аудандағы 1-2 сектор 5 мың гектар аумақта орналасқан. Онда 70 мың халық тұрады. 4 аурухана, 7 мектеп, 22 бала-бақша, 65 аула, 16 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Мұндағы тұрғындарды кәріз жүйесі, көшелерінің қиылысын кеңейту, ретсіз құрылыс секілді мәселелер толғандырады. Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді. 2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық ш/а Ақжирен көшесі, Самал-2 ш/а Жабай ата көшесі жәнк Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан ш/а Беткей көшесі, Ақжайық ш/а Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 ш/а Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық ш/а Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 ш/а Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.Кездесуге келген тұрғындар әрбір сала бойынша сұрақтарын қойды. Шаһар басшысы әрбір сұраққа жеке жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндай есепті кездесу әр тоқсан сайын өтетінін және барлық мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.