Онлайн Құран хатым оқылуда

0
405

ҚМДБ-ның  Шымкент  қаласы  бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде «Рамазан — Құран айы!» атты онлайн Құран хатым жалғасуда.  

Мешіттердегі онлайн  Құран  хатымды  әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі әрі РАНТ мүшесі Нұрсұлтан қари Мамедалиев  бастаған  имам, ұстаздар орталық мешіттің интернет парақшасынан тікелей эфир арқылы жүргізіп келеді.

Жалпы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың  қолға алуымен қала бойынша барлық мешітте бесін намазынан кейін бір күнде бір парасы оқылып жатыр. Ал Құран хатым дүғасы қасиетті Қадір түрінде бағышталады.

Мұнымен қатар, мешіт жамағатына күнделікті онлайн Құран хатыммен бірге Құран және тәжуид дәрістері жүргізілуде.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі