Шымкент: 500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
415

Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі және орталық мешіттің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев қатысты.

«Шаһар әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға қайырымдылықті себетін үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бұл игі бастамаға қаладағы барлық кәсіпкерердің қолдауымен күн сайын  эстафета түрінде 500-ден астам мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылады. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. Айтулы игі шараға қолдау білдіруге шақырамын» деді Бақдаулет Нұрматұлы. 

Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.