Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова stan.kz тілшісіне берген сұхбатында мектепте хижаб кию мәселесіне қатысты ойын білдірді.

Ол орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар заңға сәйкес реттелетінін айтады. Бұл норма азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.

“Талаптарға сәйкес ұлдардың мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасына пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады”, – дейді ол.

Аталған ережелерге сәйкес,  мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

“Білім туралы” ҚР Заңының 49-бабы 2-тармағының 3, 6 және 7) тармақшаларына сәйкес ата-аналар және өзге де заңды өкілдері білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына  мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуын бақылау жүктелген. Осыған орай, олардың мектеп формасын сақтау талаптарын қадағалау, талап ету орынды”, – деп қорытындылады вице-министр.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *