ҒАЛАМТОРДА ДІНИ АҚПАРАТ АЛУДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ

0
421

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Мұсабек Ақтамберді және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айтаев Икрам Садырбайұлымен кездесу өткізілді.Іс-шара мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.«Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Мұсабек Ақтамберді «қандай уақыт болса да біз қазіргі ғаламтордағы болып жатқан әртүрлі арандатушылық іс-әрекетке жастардың түсіп қалмауын қадағалау қажет. Себебі жалындап тұрған жас кезінде, бойында күш-қуаты қайнап тұрғанда адам көп нәрсеге дайын болады. Осы күш-жігерлеріңіз тек қана игілікке, ізгілікке, елдің, халықтың, яғни, өзіміздің болашағымызға, білім алуымызға, еңбектеніп тыным таппай, сол еңбектің жемісін көруге жұмсалу керектігін жеткізді. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айтаев Икрам Садырбайұлы жат ағымдардың жетегінде кеткен адамдардың бойында болатын бірнеше өзгерістерге тоқталып өтті (өздерінің қазақша есімдерін арабша есімдерге өзгерту, күнделікті сөз қолданысында да араб сөздерін қолдану, келіннің үлкен кісілерге сәлем салуы сияқты болса да салт-дәстүрлерімізге қарсы келу, Діни Басқармасының рұқсаты берілмеген кітаптарды, сайттарды қолдану т.б.). Қазіргі таңда Дін істері комитеті сараптау комиссиясы мақұлдаған сайттар тізімі «Fatua.kz, Muslim.kz, Ummet.kz, Muftyat.kz, Islam.kz» жастарға берілді. Ақпараттарды сараламай қолданудың арты әртүрлі өкініштерге, айыппұл төлеу, тіпті сот алдында жауап беруге дейін апаратындығын айтып өтті.Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айтаев Икрам Садырбайұлы, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Мұсабек Ақтамберді, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Айтов Руслан Шавкатович, Шымкент қаламыздың жас спортшылар және Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.