“Нұр-Төбе” мешітінде, қайырымдылық іс-шарасы өтті

0
485

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Абай аудандық, “Нұр-Төбе” мешітінде, қайырымдылық іс-шарасы өтті! Игі іс-шараға Шымкент қаласы, “Әль-Фараби” ауданы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз, Сахыбек қажы Әзімбайұлының демеушілігімен, жағдайы төмен, аз қамтылған 80-отбасыға азық-түлік себеті таратылды!
Аталған игі іс-шараға Абай ауданының бас имамы Жәміш Бердалы келген кісілерді, Рамазан айымен құтықтап, осы шараға ат салысқан жомарт жандарға алғысын айтып, батасын берді!
Азық түлік себетін алған, мұқтаж жандарда осы шараға демеушілік еткен, жомарт жандарға, осы шараға ұйытқы болған имамдарға, ризашылығын білдіріп, алғысын айтты!
Мұқтаж кісілерге, таратылған азық-түлік себеттерін, Абай ауданына қарасты имамдар үйлеріне жеткізіп берді!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі