7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастырумен Жастар ресурстық орталығында салтанатты шара өтті

0
715

Салтанатты жиынға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исақов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. Сахнада патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалып,жиналған қауымды серпілтті.Отан қорғаушылар күні ер-азаматтардың ғана емес жалпыхалықтық мереке деуге болады. Ал,еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірінің күзетінде тұрған әскери қызметкерлер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің де Отан қорғаудағы үлесі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Олай болса, Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болғай!Салтанатты жиын соңында төтенше жағдай қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен мараппатталды.