ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — ЖАҢА БАСҚАРУ МОДЕЛІ

0
551

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум — қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр.

Бүгін «Ontustik» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, мәслихат депутаты Қожамжарова Дария Пернешқызы және «Білім беру және Денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлымен бірге алдағы өтетін референдумның маңыздылығын талқыладық.

Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту — халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі. Сондықтан баршаңызды 5 маусым күні еліміздің ертеңі үшін дауыс беруге шақырамын!