Ислам тарихы бойынша жарыс өтті

0
384

ҚМДБ-ның «Білім өмір шырағы» атты рухани бастамасы аясында  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,  Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Өзбек драма театры» ғимаратында  «Сағындым сені, уа расулулла!» атты пайғамбарымыздың өмірі тарихынан жарыс ұйымдастырылды.

Рухани һәм тарихи жарысқа Шымкент қаласының  бас имам орынбарасы Мұхамеджан Естеміров бастаған дінтанушы Омар Сәлімбеков,  Тайыр Юлдашев, Дөрбетхан Жомарт, Маккамбай Хайтмеовтар төрелік етті.   Жарыстың ұйымдастырушы әрі жүргізушісі «Мұхаммед Нұр» мешітінің имамы Қадыржан  Ураймжановтың айтынша жарысқа жалпы саны 120 үміткер қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша мына қатысушылар үздік деп танылды.
I-орын Юлдашқулова Айша
II-орын Харимқулов Нуруллох
III—орын Норкулов Элдор
Ынталандыру  Тошхуджаев Нодирхон
Ынталандыру Сертай Румайса

Марапаттау шарасы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атынан  алғыс айтып,  жүлдегерлерге  қаржылай сый-сияпат табыс етілді.

Айт кетсек, жарысқа марқұм Ниязқұл ұлы Ирисқул атамыздың ұрпақтары Данияр Ниязқулов мырза демеушілік жасады. Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі