Шымкент: Ислам тарихы бойынша байқау өтті

0
388

Шымкент қаласындағы Өзбек драма театры ғимаратында «Сағындым сені, уа Расулулла!» тақырыбында Пайғамбарымыздың өмір тарихына байланысты байқау өтті.

Байқауға Шымкент қаласы бас имамының орынбарасы Мұхамеджан Естеміров, дінтанушылар Омар Сәлімбеков, Тайыр Юлдашев, Дөрбетхан Жомарт, Маккамбай Хайтметов төрелік етті.

Іс-шараның ұйымдастырушы әрі жүргізушісі «Мұхаммед Нұр» мешітінің имамы Қадыржан Ураймжановтың айтуынша, байқауға жалпы саны 120 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша I орынды Айша Юлдашқулова, ІІ орынды Нуруллох Харимқулов, III орын Элдор Норкулов жеңіп алды. Марапаттау шарасында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы атынан алғыс айтылып,  жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетсек, жарысқа марқұм Ирисқул Ниязқұлұлы атаның ұрпағы Данияр Ниязқулов демеушілік жасады. Алла разы болсын!