Түркістан: Түлектерді елге қызмет етуге шақырды

0
330

ҚМДБ-ға қарасты «Сарыағаш» медресе-колледжінің Ислам орталығы ғимаратында 2022 жылғы бітіруші түлектермен кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» мекемесінің Шымкент қаласындағы бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов және белгілі ұстаздар Нұралы Төребеков, Қанат Исмаилов, Эркин Қадыров, Жүсіпхан Жақипов қатысты.

Іс-шара барысында Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы мен діни кадр әлеуметін арттыру бағытын жан-жақты баяндап, бітіруші түлектерді елге қызмет етуге шақырды.

Айта кетейік, биыл «Сарыағаш» медресе-колледжін ерлер мен қыздар бөлімі бойынша 165 шәкірт тәмамдайды.