Елімізде тұңғыш рет хадис сайысы өтті

0
426

«Нұр-Мүбарак» университетінде еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисін жатқа оқудан ақтық сайыс өтті. Нақтырақ айтқанда, «Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисі» бойынша жарияланған республикалық білім бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 700-дей адам ниет білдірген.

Соңына дейін 300 үміткер жеткенімен, ақтық сынға 37 адам іріктелді. Финалистер «Нұр-Мүбарак» университетінде арнайы ғалымдардан құрылған комисия алдында сынға түсті.

Сайыс беташарында университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат  Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғибратты өміріне тоқтала келе, хадис жаттап, оған амал етудің артықшылығын айтып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. Ақтық сын 4 сатыдан тұрды:

  1. ҚАЗЫНАЛЫ ҚОБДИША (таңдаған ұяшықтағы хадистің арабша, қазақша мәтінін қатесіз, шатаспай, жеткізушісін айту);
  2. ХАДИС – ҒҰРПЫМЫЗ! (Билеттегі хадис санына байланысты хадисті айтып, соған сай мақал-мәтелдер айту керек);
  3. КІМ ЖЫЛДАМ?! (Kaxoot бағдарламасы арқылы тест тапсыру, әр сұраққа 3-5 сек, басып үлгермесе қате болып есептеледі. Аз ұпай жинаған қатысушылар келесі турға өтпейді)
  4. «ТІЛ ЖҮЙРІК ЕМЕС, ОЙ ЖҮЙРІК» (Қазылар алқасы айтқан хадисті, түсіндірмесін, шархын ашық, 3 минутта ойын нақты жеткізіп беру).

Сонымен, 7 орын жеңімпаздары анықталды:

1-орын Жантөре Алтынай – 200 000 теңге;

2-орын Қасымханова Айгерім – 150 000 теңге;

3-орын Дашын Жаңагүл – 100 000 теңге;